01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

01.02.23 11:30
/KASE, 01.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 14 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 14 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2023-02-01]