/KASE, 30.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE)2023 жылдың 31 қаңтарынан
бастап "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) келесі облигацияларымен
сауда-саттық ашылатынын KASE-де хабарлайды:
- KZ2C00008936 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb47;
1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 20.01.23 – 20.01.28; жарты жылдық
құбылмалы купон, 2,55 % + TONIA Compounded; actual/365);
- KZ2C00008944 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb48;
1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 20.01.23 – 20.01.30; жарты жылдық
құбылмалы купон, 2,75 % + TONIA Compounded; actual/365).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/issuers/KFUS/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-01-30]