31 қаңтардан бастап "Фридом Финанс" АҚ-на "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ-ның KZ2C00008936 (KFUSb47) және KZ2C00008944 (KFUSb48) облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді

30.01.23 11:14
/KASE, 30.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап "Фридом Финанс" АҚ-на (Алматы) оның өтініші негізінде "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ-ның (Алматы) келесі облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді: - KZ2C00008936 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb47); - KZ2C00008944 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb48). [2023-01-30]