30 қаңтардан бастап "Concord" тәуелсіз аудиторлық компаниясы" ЖШС KASE мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізбесінің екінші деңгейінен бірінші деңгейіне ауыстырылды

27.01.23 17:30
/KASE, 27.01.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің Эмитенттердің аудиті жөніндегі комитетінің шешімімен 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап "Concord" тәуелсіз аудиторлық компаниясы" ЖШС (Алматы) KASE мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізбесінің екінші деңгейінен бірінші деңгейіне ауыстырылды. KASE мойындайтын аудиторлық ұйымдардың жаңартылған тізбесі http://kase.kz/files/normative_base/list_audit.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2023-01-27]