"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (CSBNb17) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.01.23 09:33
/KASE, 27.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 қаңтарындан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00003036 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb17; 100 теңге, 50,0 млрд теңге, 27.01.15 – 27.01.23; жартыжылдық купон, жылдық 9,70%; 30/360) өтініш беру мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымыннан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 10 сәуірінен бастап ашылған. [2023-01-27]