26 қаңтардан бастап KZ2P00009186 (MFKTb3) "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС облигациялары "таза" бағамен саудалау тәртіптемесіне ауыстырылды

26.01.23 17:24
/KASE, 26.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00009186 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFKTb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 23.01.23 – 23.01.28; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2023-01-26]