"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.01.23 16:47
/KASE, 23.01.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 5 000 086 550 дана; - компанияның 1 351 095 973 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады. [2023-01-23]