20 қаңтардан бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік облигацияларының 17 атауы KASE ресми тізімінен алып тасталды

20.01.23 09:30
/KASE, 20.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап KASE ресми тізіміндегі "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторынан мынадай облигациялар алынып тасталды: 1) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің XS0088543193 (RU_01_2806); 2) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JTJL3 (RU_07_2301); 3) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JXQF2 (RU_08_2410); 4) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JV4L2 (RU_09_2501); 5) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JS3W6 (RU_10_2702); 6) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0ZYZ26 (RU_11_2802); 7) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0ZYUA9 (RU_12_2905); 8) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JV4P3 (RU_13_2910); 9) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A100A82 (RU_14_3004); 10) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JVW48 (RU_15_3109); 11) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0ZYUB7 (RU_16_3405); 12) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JV4Q1 (RU_17_3412); 13) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A100EF5 (RU_18_3903); 14) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің; XS0971721450 (RU_19_2309) 15) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A102CL3 (RU_20_3211); 16) Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A102CK5 (RU_21_2711); 17) Санкт-Петербург Қаржы комитетінің RU000A102K88 (RU_01_2809). Аталған облигациялар 2019-2021 жылдары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілген. Бұл ретте сауда-саттық облигациялардың тек төрт шығарылымы бойынша ашылды: XS0088543193 (RU_01_2806), XS0971721450 (RU_19_2309), RU000A102CL3 (RU_20_3211) және RU000A102CK5 (RU_21_2711). Басқа облигациялар бойынша KASE сауда-саттығы саттығы ашылған жоқ. Сауда-саттық ашылған облигациялардың ішінде мәмілелер тек XS0088543193 (RU_01_2806) облигациялары бойынша жасалды, олар бойынша жалпы сомасы 434,0 млн теңгеге 28 мәміле жасалды, сауда-саттыққа KASE 2 мүшесі қатысты. Соңғы мәміле 2021 жылдың 28 шілдесінде жасалды. Көрсетілген бағалы қағаздарды KASE ресми тізімінен шығару туралы шешім KASE Листингілік ережелеріне сәйкес қабылданды. [2023-01-20]