20 қаңтардан бастап KASE-де KZ2P00009186 (MFKTb3) "Кредит Time "МҚҰ" ЖШС облигацияларымен сауда-саттық ашылады

20.01.23 09:20
/KASE, 20.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап "Кредит Time "МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00009186 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFKTb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKTb3/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-01-20]