"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 2021 жылға KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің аяқталғаны туралы хабарлайды

19.01.23 11:22
/KASE, 19.01.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ақпараттық хабарлама ұсынды, онда былай деп мәлімделген: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімге (2022 жылғы 21 қазандағы № 47 хаттама) сәйкес бір жай акцияға 12,71 теңге мөлшерінде 2021 жыл қызметінің қорытындылары бойынша Банктің жай акциялары (ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу аяқталғаны туралы хабарлайды. 2022 жылғы 25 қазанның сағат 00:00 жағдайы бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізіміне сай төленуі тиіс Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер сомасы 138 644 160 658,92 теңгені, оның ішінде базалық активі Банктің шығарылған жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша 39 504 904 758,40 теңгені құрады. Банктен немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде дивидендтер төлеу үшін өзекті деректемелері бар Банк акционерлеріне нақты төленген дивидендтер сомасы 2022 жылғы 27 қазаннан бастап (дивидендтерді төлеу басталған күн) 2023 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда, 138 283 808 925,04 теңгені құрады, оның ішінде жаһандық депозитарлық Банктің шығарылған жай акциялары базалық активі болып табылатын қолхаттар бойынша – 39 504 904 758,40 теңге. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_190123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_190123.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_190123_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-01-19]