18 қаңтардан бастап "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009186 (MFKTb3) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілетін болады

17.01.23 17:36
/KASE, 17.01.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 16 қаңтарында "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00009186 (MFKTb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE ресми тізіміне баламалы алаңын "облигациялар "санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKTb3/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-01-17]