"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009186 (MFKTb3) облигациялары Қазақстан қор биржасында баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

17.01.23 09:40
/KASE, 17.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2023 жылдың 16 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00009186 облигациялары (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 17 қарашасында 10,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші шығарылым болып табылады. Аталған облигацияларға MFKTb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-01-17]