17 қаңтардан бастап "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00006674 (KZENb2) облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды
17.01.23 09:15
/KASE, 17.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының
2023 жылдың 16 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Қазақстан
инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00006674 облигациялары
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZENb2; 1 000 теңге,
15,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 13,00%, 30/360)
алынып тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 17 қаңтарынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның KASE ресми
тізімінен көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші
негізінде қабылданды.
Аталған облигациялар 2020 жылдың 05 мамырынан бастап негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен
сауда-саттық ашылған жоқ.
[2023-01-17]