/KASE, 13.01.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 13 қаңтарындағы
баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев пен "Каспий құбыр консорциумы"
АҚ бас директоры Николай Горбань Қазақстан Республикасындағы "Каспий құбыр
консорциумы-К" АҚ мұнай құбыры жүйесінің нысандарында техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және төтенше жағдайларды жою жөніндегі келісімшарттың орындалуын
талқылады. Сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.
Кездесуде "ҚазТрансОйл" АҚ "Каспий құбыр консорциумы-К" АҚ-на қызмет көрсету
кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың
орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізетіні айтылды. Дәнекерлеу өндірісі
мамандарының, жылжымалы ғылыми-зерттеу зертханасының, авариялық-қалпына
келтіру орталығының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Еске сала кетсек, 2018 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ "Каспий құбыр консорциумы-К"
АҚ-мен Қазақстан Республикасының аумағындағы "Каспий құбыр консорциумы" АҚ
мұнай құбыры жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және
апатты жою қызметтерін көрсету бойынша бес жылдық келісімшартқа қол қойған
болатын.
"ҚазТрансОйл" АҚ келесі компанияларға операторлық қызмет көрсетеді:
"ҚазақстанҚытай құбыры" ЖШС, "МұнайТас" ЖШС, "Қарашығанақ Петролеум
Оперейтинг Б.В", "Торғай Петролеум" АҚ, "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ,
"Магистральдық суағызғысы" ЖШС.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдеменің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_130123_1kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_130123_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_130123_1en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-01-13]