"Қазақтелеком" АҚ 2022 жылға KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша кепілдендірілген дивидендтер төледі

06.01.23 10:33
/KASE, 06.01.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2022 жылдың 21-22 желтоқсаны аралығында KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2022 жылға бір акцияға 300 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 65,5 млн теңгеге кепілдендірілген дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2022 жылдың 04 желтоқсанында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалды. Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_050123_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_221222_8149.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_050123.pdf – ағылшын тілінде. [2023-01-06]