/ҚАЙТАЛАУ/ 05 ҚАҢТАРДАН БАСТАП KASE-ДЕ ТОҚСАНДЫҚ ФЬЮЧЕРСТЕРМЕН САУДА-САТТЫҚ АШЫЛАДЫ

05.01.23 09:35
/KASE, 05.01.23, 23.12.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап KASE-де "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акцияларына, KASE индексіне, АҚШ долларының теңгеге бағамына және Ресей рублінің теңгеге бағамына тоқсандық жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады. Аталған фьючерстердің ерекшеліктеріне сәйкес: - сауда саттық фьючерстік келісімшарттармен айналыстың төрт мерзіміне ашылады; - орындау мерзімі жақын фьючерстік келісімшарттың айналысы аяқталғаннан кейін осындай келісімшартты орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімімен сауда-саттық ашылады; - жарғы фьючерстік келісімшарттардың айналысы басталған күн тоқсанның басына келетін айдың бесінші күні болып табылады: қаңтар, сәуір, шілде және қазан; - фьючерстік келісімшарттар айналымының соңғы күні тоқсанның соңына келетін айдың үшінші бейсенбісі болып табылады: наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан (егер тоқсанның соңына келетін айдың үшінші бейсенбісі мереке немесе демалыс күніне сәйкес келсе, айналымның соңғы күні осы айдың үшінші бейсенбісінің алдындағы соңғы сауда күні болып табылады). Осыған байланысты, көрсетілген күннен бастап KASE-де қазіргі уақытта SPECTRA сауда-клирингтік жүйесінде саудаланатын барлық фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық тоқтатылады. Осылайша, 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап KASE-де келесі фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық қолжетімді болады: ---------------------------------------------------------------------- № Сауда-саттықтың Сауда-саттықтың аяқталуы р/с Код басталуы (орындау күні) --- ---------- --------------- --------------------------------------- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына фьючерстер --- ---------- --------------- --------------------------------------- 1 HSBK_3.23 05.01.23 16.03.23 2 HSBK-6.23 05.01.23 15.06.23 3 HSBK-9.23 05.01.23 21.09.23 4 HSBK-12.23 05.01.23 21.12.23 ---------------------------------------------------------------------- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ жай акцияларына фьючерстер ---------------------------------------------------------------------- 5 KZAP_3.23 05.01.23 16.03.23 6 KZAP-6.23 05.01.23 15.06.23 7 KZAP-9.23 05.01.23 21.09.23 8 KZAP-12.23 05.01.23 21.12.23 ---------------------------------------------------------------------- KASE индексіне фьючерстер ---------------------------------------------------------------------- 9 KX_3.23 05.01.23 16.03.23 10 KX-6.23 05.01.23 15.06.23 11 KX-9.23 05.01.23 21.09.23 12 KX-12.23 05.01.23 21.12.23 ---------------------------------------------------------------------- АҚШ долларының теңгеге бағамына фьючерстер ---------------------------------------------------------------------- 13 US_3.23 05.01.23 16.03.23 14 US-6.23 05.01.23 15.06.23 15 US-9.23 05.01.23 21.09.23 16 US-12.23 05.01.23 21.12.23 --- ---------- --------------- --------------------------------------- Теңгеге рубль бағамына фьючерстер ---------------------------------------------------------------------- 17 RU_3.23 05.01.23 16.03.23 18 RU_6.23 05.01.23 15.06.23 19 RU_9.23 05.01.23 21.09.23 20 RU-12.23 05.01.23 21.12.23 ---------------------------------------------------------------------- 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер қолданысқа енгізіледі: - шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің ерекшелігіне № 2 өзгертулер мен толықтырулар; - қазақстандық эмитенттердің акцияларына фьючерстердің ерекшелігіне № 1 өзгертулер мен толықтырулар; - KASE Индексінің фьючерстік сипаттамасына № 1 өзгертулер мен толықтырулар. KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен KASE-дегі сауда-саттық жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін өткізілетінін еске салады. Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингтік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/ru/clearing/members/ сілтемесі бойынша жарияланған. KASE фьючерстерінің сауда саттық нәтижелері http://kase.kz/ru/futures/ сілтемесі бойынша жарияланған. KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар http://kase.kz/ru/kase_rules/("Сауда-саттық" қалташасы) сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-01-05]