"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы өзінің KZ2C00009132 (BRKZb27) облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 0,50 %-бен орналастыра отырып, 30,0 млрд теңге тартты

30.12.22 16:34
/KASE, 30.12.22/ – 2022 жылдың 30 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009132 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb27; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 30.12.22 – 15.06.34, жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) болды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 30 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 30 000 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 30 000,0 млн теңге облигацияларды сатып алуға бір шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімде өтеуге кірістілік жылдық 0,50 % құрады. Ұсынысқа сұраныс 100,0 % құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2022-12-30]