"Halyk Global Markets" АҚ үш атаудағы бағалы қағаздар бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

30.12.22 12:11
/KASE, 30.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап "Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Global Markets" АҚ) келесі бағалы қағаздар бойынша KASE маркет- мейкер міндеттерін орындаудан босатылды: 1) облигациям KZ2C00002426 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CAEPb1) "ЦАЭК" АҚ; 2) облигациям KZ2C00003291 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CAEPb2) "ЦАЭК" АҚ; 3) простым акциям KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTO) "ҚазТрансОйл" АҚ. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті түрде бас тартуы себебінен қабылданды. [2022-12-30]