/KASE, 30.12.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы, бұдан әрі
дәйексөзде – Қоғам), KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Қоғам Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 21.08.2019 жылы бағалы
қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға Қоғамға
берілген №3.2.232/11 лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы
лицензиар органға ерікті түрде жүгінуге дайындық туралы шешім
қабылдады:
1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен
брокерлік және дилерлік қызмет;
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі қызмет.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_information.pdf
[2022-12-30]