"ForteBank" АҚ 28 желтоқсанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлады

29.12.22 17:56
/KASE, 29.12.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: цитата басы «ForteBank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2022 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласы уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – «Жиналыс») дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды. * * * Күн тәртібінің 1-сұрағы "«ForteBank» Акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы Жарғысын бекіту туралы" бойынша 1. «ForteBank» Акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы Жарғысы осы шешімнің 1- қосымшасындағы редакцияда бекітілсін, осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Банк Басқармасының төрағасы Б.О.Пирматовқа (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) «ForteBank» Акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы Жарғысына оның акционерлерінің атынан қол қою және «ForteBank» Акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы Жарғысын бекітуге байланысты басқа әрекеттерді орындау өкілеттігі берілсін. * * * Күн тәртібінің 2-сұрағы "Банкте аудит жүргізетін және 2023–2025 жылдарда 2023–2025 жылдар үшін қаржылық есебін шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы" бойынша «КПМГ Аудит» ЖШС 2023- 2025 жылдары 2023-2025 жылдар үшін Банктің қаржылық есебіне аудит және шолу жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде белгіленсін. * * * Жиналыс өткізілген уақытының барлық кезінде ұсынылған, Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы саны – 73 714 243 282 (қарапайым акциялардың жалпы санының 98, 0847 %) цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_291222_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2022-12-29]