«ҚазТрансОйл» АҚ Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне тариф бекітілгені туралы хабарлайды

29.12.22 17:53
/KASE, 29.12.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: цитата басы Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылдың 27 желтоқсанындағы № 154 бұйрығымен Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне тариф 1 тонна үшін 27,9 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілгенін хабарлайды. Аталған тариф 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_291222_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2022-12-29]