/KASE, 28.12.22/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
Биржа), оның атқарушы органы – Биржа Басқармасы орналасқан мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, A15G7M6, Алматы қ., Алматы қ., Байзақов көшесі,
280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат,
өз акционерлеріне Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі –
жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлайды, жиналыс Биржаның Директорлар
кеңесінің шешіміне (бастамасына) (отырыстың 2022 жылғы 15 желтоқсанындағы
№ 40 хаттамасы) сәйкес шақырылды.
Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің жалпы
жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) отырысын өткізбей Биржа акционерлерінің
сырттай дауыс беруі арқылы өткізілетін болады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "Қазақстан қор биржасы" АҚ
дивидендтік саясатын бекіту туралы" мәселе болып табылады.
Бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні - 2023 жылдың 11 қаңтары.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың
аяқталу күні - 2023 жылдың 09 ақпаны.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні - 2023 жылдың 10 ақпаны.
Дауыс беру қорытындысын шығару кезінде биржа 2023 жылдың 09 ақпанында
сағат 18.00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) акционерлерінен алған
сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілетін болады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар Биржа акционерлерінің тізімі 2022 жылдың
19 желтоқсандағы жағдай бойынша биржа акцияларын ұстаушылар тізілімі
жүйесінің деректері негізінде жасалды.
Жиналыстың күн тәртібі мәселесі бойынша материалдар мен дауыс беруге
арналған бюллетеньдер биржа акционерлеріне электрондық тәсілмен жіберілетін
болады және акционерлер үшін мына мекенжай бойынша қолжетімді болады:
Қазақстан Республикасы, А15G7M6 (050040), Алматы қаласы, Байзақов көшесі,
280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы,
8-қабат.
Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беруіне қатысты қосымша ақпаратпен мына
телефон арқылы танысуға болады: 8 (727) 237 53 43.
Жиналыс өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-сайтында
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_100223_kaz.pdf жарияланған
[2022-12-28]