KASE Листингілік комиссиясы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009280 (TMJLpp2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

27.12.22 15:31
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы (KASE) 2022 жылдың 27 желтоқсанында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2P00009202 облигацияларын KZ2C00009280 (1 000 теңге, 162 858 804 000,00 теңге, 20 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 26,00%; купон мөлшерлемесі-Қазақстандағы соңғы 10 жылдағы орташа жылдық инфляция) KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 22 желтоқсанда тіркеген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның 542 862 679 000 теңге сомасына үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға TMJLpp2 қысқартылған белгісі (саудасаттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-12-27]