27 желтоқсаннан бастап Өзбекстан Республикасының Қаржы министрлігі XS1953916290 (UZ_01_2402) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

27.12.22 09:43
/KASE, 27.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 27 желтоқсанынан бастап XS1953916290 ($500,0 млн, 20.02.19 – 20.02.24; жартыжылыдық купон, жылдық 4,750 %, 30/360) KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларды іске қосу бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға UZ_01_2402 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/UZ_01_2402/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-12-27]