"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

22.12.22 16:26
/KASE, 22.12.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 22 желтоқсанында "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00009178 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 18,50 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 17 қарашасында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркеген "Fincraft Group" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға NCOMb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-12-22]