KASE Басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкінің XS1555164299 (EBRDe17) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді

20.12.22 17:54
/KASE, 20.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен Еуропа қайта құру және даму банкінің XS1555164299 (18,5 млрд рубль; 24.01.17 – 24.07.23; жылдық купон, жылдық 6,00 %; actual/actual) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларды жіберу бастамашысы "NGDEM Finance" (Алматы) болып табылады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) EBRDe17 берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe17/ жарияланатын болады. [2022-12-20]