/KASE, 20.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2022 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен Еуропа қайта құру және
даму банкінің XS1555164299 (18,5 млрд рубль; 24.01.17 – 24.07.23; жылдық
купон, жылдық 6,00 %; actual/actual) халықаралық облигацияларын KASE
ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторына енгізуге келісім берілді.
Аталған облигацияларды жіберу бастамашысы "NGDEM Finance" (Алматы)
болып табылады.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
EBRDe17 берілді.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe17/ жарияланатын болады.
[2022-12-20]