15 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында "Bank RBK"Банкі" АҚ KZ2C00008852 (INBNb12) облигацияларына жазылу жүргізіледі

13.12.22 17:34
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2022 жылдың 15 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Bank RBK "Банкі" АҚ KZ2C00008852 (INBNb12) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Сентрас Секьюритис" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 20 000 000 000 теңге. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылу шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2022 жылдың 15 желтоқсаны; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2022 жылдың 15 желтоқсаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2022 жылдың 15 желтоқсаны, Астана қ.уақытымен 15:00. Есептсеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелерінің мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2022-12-13]