14 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007557 (KFUSb22) және KZ2C00008902 (KFUSb44) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.12.22 16:37
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14 желтоқсанынан бастап KASE-де "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) келесі облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: - KZ2C00007557 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb22; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 02.12.22 – 02.12.24; жылдық купон, жылдық 9,50 %; 30/360); - KZ2C00008902 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb44; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 02.12.22 – 02.12.25; құбылмалы 2,30 % + TONIA Compounded; actual/365). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/issuers/KFUS/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-12-13]