KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009214 (FNACpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

13.12.22 15:56
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 13 желтоқсанында "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана) KZ2D00009214 ($100 000, $220,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 4,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FNACpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-12-13]