/KASE, 13.12.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 14 желтоқсанынан бастап
өзінің KZ000A1CTMV3 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NRBNp6)
артықшылықты акциялары бойынша 2021 жылға бір акцияға 1 000 теңге
мөлшерінде дивидендтер төлеу ниеті туралы KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес артықшылықты акцияларды ұстаушылар тізілімін
тіркеу күні – 2022 жылдың 13 желтоқсаны.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_dividendsf_141222_20660.pdf
[2022-12-13]