08 желтоқсанда "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті

08.12.22 11:55
/KASE, 08.12.22/ – Бүгін бір мезгілде Қазақстан қор биржасы (KASE) және "Астана" халықаралық қаржы орталығы (AIX) биржасының алаңдарында өзара трансляция режимінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ) жай акцияларымен қайталама нарықта сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Сауда-саттықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл – ауқат қоры" АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, KASE, AIX және ҚМГ басшылары, сондай-ақ реттеуші органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан қор биржасы ҚМГ акцияларының IPO-сын өткізуге және қайталама нарықта акциялармен сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсіміне арналған KASE баспасөз хабарламасы https://kase.kz/files/press/kz/08_12_2022_Itogi_KMG_kaz.pdf мекен-жайында жарияланды. ҚМГ акциялары туралы толық ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/shares/show/KMGZ/ [2022-12-08]