08 желтоқсаннан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары бойынша KASE төрт мүшесіне KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесі берілді

07.12.22 09:30
/KASE, 07.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 08 желтоқсанынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акциялары бойынша "Фридом Финанс" АҚ, "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" олардың өтініштері негізінде KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді. [2022-12-07]