/KASE, 05.12.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Коммеск-Өмір "өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) 2022 жылғы
01 желтоқсанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері
туралы KASE хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- KASE-де қоғамның жай акцияларының ерікті делистингін жүргізу;
- қоғамның сақтандыру портфельдерін беру туралы шарттар
жасасуды мақұлдау.
Аталмыш ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_special_shareholders_meeting_results_011222_2606.pdf
[2022-12-05]