"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылға KZ0009093241 (KZTK) жай және KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төледі

05.12.22 16:36
/KASE, 05.12.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2022 жылдың 15-17 қараша аралығында жалпы сомасы 38,4 млрд теңгеге бір акцияға 3 590,39 теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша 2021 жылғы дивидендтер төленгені туралы хабарлады. Бұдан басқа, 2022 жылғы 14-18 қараша аралығында жалпы сомасы 717,6 млн теңгеге бір акцияға 3 290,39 теңге мөлшерінде артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленді. 2021 жылға артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивидендтер (300,00 теңге) 2021 жылғы желтоқсанда төленді. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_181122_3703.pdf – орыс тілінде: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_181122_en.pdf – ағылшын тілінде. [2022-12-05]