/KASE, 05.12.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2022 жылдың 15-17
қараша аралығында жалпы сомасы 38,4 млрд теңгеге бір акцияға 3 590,39
теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша 2021 жылғы дивидендтер
төленгені туралы хабарлады. Бұдан басқа, 2022 жылғы 14-18 қараша
аралығында жалпы сомасы 717,6 млн теңгеге бір акцияға 3 290,39 теңге
мөлшерінде артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленді. 2021
жылға артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивидендтер
(300,00 теңге) 2021 жылғы желтоқсанда төленді.
Бұл ақпарат орналастырылды
–
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_181122_3703.pdf – орыс
тілінде:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_181122_en.pdf –
ағылшын тілінде.
[2022-12-05]