2022 жылдың 02 желтоқсанында сағат AST 15:00-де Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акцияларына жазылым аясында өтінімдерге қабылдау кезеңі аяқталды

02.12.22 16:45
/KASE, 02.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2022 жылдың 02 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде жеке және институционалдық инвесторлардан "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) акцияларын алғашқы орналастыру аясында (IPO) өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталды. Аталмыш акцияларға сатушы ретінде KASE -де "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (әрі қарай – Сатушы). Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, АО "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Биржаға Сатушының қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну уақыты мен күні – 2022 жылдың 05 желтоқсаны, 18:00 AST. Мәмілелерді жасау күні мен мерзімі – 2022 жылдың 07 желтоқсаны AST 10:30-дан бастап. Есептеулер жүргізу күні мен мерзімі – 2022 жылдың 07 желтоқсаны AST 10:30-дан бастап. Есептеулер "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізіледі. Акцияларды орналастыру шарттары туралы баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_relizs_301122.pdf мекен- жайында орналасқан. Бағалы қағаздарға жазылу өткізу ережесі KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша орналасқан. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы ақпарат https://kase.kz/ru/shares/show/KMGZ/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-12-02]