"Қазақтелеком" АҚ 2022 жылға KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша кепілдендірілген дивидендтер төлеуге ниетті

30.11.22 11:50
/KASE, 30.11.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2022 жылдың 05-30 желтоқсан аралығында KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2022 жылға бір акцияға 300,00 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 89,6 млн теңгеге кепілдендірілген дивидендтер төленетіні туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2022 жылдың 04 желтоқсанында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады. Бұл ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf_051222_3657.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividendsf__en.pdf – ағылшын тілінде. [2022-11-30]