2022 жылдың 09 қарашасында AST 12:00 бастап 02 желтоқсанында AST 15: 00 дейін Қазақстан қор биржасында IPO шеңберінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акцияларына жазылу жүргізіледі

30.11.22 09:46
/KASE, 30.11.22, 15.11.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2022 жылдың 09 қарашасында Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден бастап (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі Эмитент) KZ1C00001122 жай акцияларын (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) акцияларды бастапқы орналастыру (IPO) шеңберінде оларға жазылу арқылы сату жүргізілетінін хабарлайды. Жазылым жүргізіледі: - 2022 жылдың 30 қарашасында AST сағат 18:00-ге дейін – институционалдық инвесторлар үшін; - 2022 жылдың 30 қарашасында AST сағат 15:00-ге дейін – бөлшек инвесторлар үшін. KASE-де көрсетілген акцияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Сатуға ұсынылатын акциялар саны – 30 505 974 данаға дейін, бір акцияның бағасы – 8 406 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау AST 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Жазылым кезіндегі бағалы қағаздың коды – KMGZ. Бір өтінімге акциялардың минималды саны – 1 акция. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі акциялардың максималды санына шектеулер жазылу шарттарымен белгіленбеген. Бір тұлғадан берілетін өтінімдер саны шектелмейді. Биржа қабылдаған өтінімдердің тізілімін сатушыға ұсыну күндері – 2022 жылдың 30 қарашасында және 02 желтоқсанында. Сатушының Биржаға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсынған күні мен уақыты – 2022 жылдың 05 желтоқсаны, AST 18:00. Мәмілелер жасалған күн мен уақыт – 2022 жылдың 07 желтоқсаны, AST 10:30. Есеп айырысу күні мен уақыты – 2022 жылдың 07 желтоқсаны, AST 15:30-дан бастап. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген акциялардың эмитентіне ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) жеке тұлға-инвестордың азаматтығы немесе, заңды тұлға-инвесторды соның заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркеген, мемлекет; 4) өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін брокердің / Биржа мүшесінің атауы; 5) инвестор түрі – жеке немесе заңды тұлға. KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген форматта инвесторлар туралы ақпарат ашылған, атап айтқанда, веб-модуль арқылы Эмитенттің талаптарына сәйкес дербес деректер ашылған жағдайда ғана KASE қабылдайды. Бұл ретте KASE мүшелері веб-модуль арқылы KASE үшін ашылатын мәліметтердің/дербес деректердің дұрыстығына жауапты болады және бұл ақпарат сатушыға/эмитентке және бірлескен букраннерлерге де ашылатынына келіседі. Осыған байланысты омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінім беретін KASE мүшелеріне өтінімді қабылдау алдында немесе қабылдау процесінде өз клиенттерінен дербес деректерді ашуға тиісті келісімдер алу қажет. Қосымша, KASE мүшелері кез келген уақытта ұсынылған дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалау субъектілері болып табылатынын еске саламыз. Акцияларды сатып алуға өтінімдерді Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторлар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын институционалдық инвесторлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес инвесторлары (бөлшек және институционалдық) беруге құқылы. Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе ішінара) сатушының (және, мүмкін, Эмитенттің) дербес қалауы бойынша тұтастай алғанда мынадай ережелер негізінде жүзеге асырылады: 1. Өтінімдерді қанағаттандыруда басымдылық Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторлардың өтінімдеріне беріледі. Осы қағидатқа сәйкес: 1) Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторларының өтінімдері бірінші кезекте ұсынылатын акциялардың жалпы санынан мүмкін болатын ең жоғары көлемде қанағаттандырылады; 2) өзге инвесторлардың (Қазақстан Республикасының институционалдық инвесторларын-азаматтарын және резидент емес инвесторларды қоса алғанда) өтінімдері ұсынылатын акциялардың жалпы санынан барынша ықтимал көлемде екінші кезекте, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторлардың барлық өтінімдерінің толық көлемінде қанағаттандыру үшін қажетті акциялар санын шегергендегі мөлшерде қанағаттандырылады. 2. Егер (оның дұрыстығы мен негізділігіне қарамастан) эмитент пен сатушының (және, қаншалықты қолданымды болса, Эмитенттің) пікірі бойынша мұндай қанағаттану тәртібі (1) бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануының туындауына; және(немесе) (2) заңнаманың қолданылатын талаптарын және(немесе) қолданылатын комплаенс процедураларды бұзуға әкелетін немесе әкелуі мүмкін болса, Сатушының (және, қаншалықты қолданымды болса, Эмитенттің) кез келген өтінімді (толық немесе ішінара) қанағаттандырудан өз қалауы бойынша бас тарту шартсыз құқығы бар. Бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануын тексеру мақсатында бірлескен букраннерлер қабылданған өтінімдерге мынадай қосымша критерийлер бойынша тексеру жүргізеді: 1) көлемі Эмитенттің орналастырылған жай акцияларының санынан 1 % және одан көп болатын, ірі өтінімдер; 2) бір жеке немесе заңды тұлға әртүрлі брокерлер немесе бір брокер арқылы берген және жиынтық көлемі Эмитенттің орналастырылған жай акциялары санының 1 % немесе одан да көбін құрайтын қайталама / көптеген өтінімдер. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде жаңа бөлінген шот ашу депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты жазылымға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет. Бағалы қағаздарға жазылу ережесі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Көрсетілген акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/shares/show/KMGZ/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-11-30]