"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесі жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы қоғамның 30 725 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

29.11.22 16:47
/KASE, 29.11.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 24 қарашасындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады: - акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын сатуы арқылы бір акцияға 80 899,70 теңге орналастыру бағасы бойынша жарияланған акциялар саны шегінде қоғамның 30 725 жай акциясы орналастырылсын. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_info_reshenie_sd_241122_3178.pdf [2022-11-29]