/KASE, 28.11.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі " АҚ (Алматы) 2023 жылдың 10 қаңтарында
сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен
тыс жалпы жиналысы өтетінін KASE-ге хабарлады:
- қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту туралы;
- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің, Директорлар кеңесі
төрағасының ай сайынғы сыйақысының мөлшерін өзгерту туралы.
Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_special_shareholders_meeting_info_100123_0185.PDF
[2022-11-28]