22 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

21.11.22 16:30
/KASE, 21.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 22 қарашасындан бастап есеп айырысу күні 2022 жылдың 01 желтоқсаны және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелеріндегі мынадай жай акциялармен KASE сауда-саттықтары тоқтатылатынын хабарлайды: 1) US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) The Coca-Cola Company (АҚШ); 2) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) M&T Bank Corporation (АҚШ); 3) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) NVIDIA Corp. (АҚШ); 4) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) QUALCOMM Inc. (АҚШ). Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 01 желтоқсанда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2022-11-21]