21 қарашадан бастап KASE-де "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (ADRP) жай акцияларымен сауда-саттық ашылады

18.11.22 15:09
/KASE, 18.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ (Жезқазған) KZ1C00014562 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, ADRP) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акцияларға баға белгілеудің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Көрсетілген акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/shares/show/ADRP/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-11-18]