18 қарашадан бастап жай акциялар Twitter Inc. US90184l1026 (TWTR_KZ) KASE ресми тізімінен шығарылады

17.11.22 17:52
/KASE, 17.11.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 18 қарашасынан бастап Twitter Inc. (АҚШ) US90184L1026 ("KASE Global" секторы, TWTR_KZ) жай акцияларын KASE ресми тізімінен алып тастау туралы шешім қабылдады. Делистинг туралы шешім 2022 жылдың 08 қарашасында Нью-Йорк қор биржасының (NYSE Equity) ресми тізімінен аталған акциялардың делистингі туралы, сондай-ақ оларды S&P 500 индексінен шығару туралы аталған акцияларға рұқсат беру бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ хабарламасының негізінде Листингтік ережелердің 19 бабы 3 тармағының 5) тармақшасына сәйкес қабылданды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 01 қарашасындағы жаңалығы жарияланған болатын "01 қарашадан бастап KASE-де Twitter Inc. US90184L1026 (TWTR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" – https://kase.kz/kz/news/show/1491155/ [2022-11-17]