/KASE, 17.11.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың
18 қарашасынан бастап Twitter Inc. (АҚШ) US90184L1026 ("KASE Global" секторы,
TWTR_KZ) жай акцияларын KASE ресми тізімінен алып тастау туралы шешім қабылдады.
Делистинг туралы шешім 2022 жылдың 08 қарашасында Нью-Йорк қор биржасының
(NYSE Equity) ресми тізімінен аталған акциялардың делистингі туралы,
сондай-ақ оларды S&P 500 индексінен шығару туралы аталған акцияларға
рұқсат беру бастамашысы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ хабарламасының
негізінде Листингтік ережелердің 19 бабы 3 тармағының 5) тармақшасына
сәйкес қабылданды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 01 қарашасындағы жаңалығы
жарияланған болатын "01 қарашадан бастап KASE-де Twitter Inc.
US90184L1026 (TWTR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" –
https://kase.kz/kz/news/show/1491155/
[2022-11-17]