24 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады

17.11.22 10:06
/KASE, 17.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 24 қарашасынан бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 15 қарашасынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 15 қарашасындағы "15 қарашадан бастап KASE-де Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1491888/ [2022-11-17]