Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің RU000A0JX0H6 (RU_05_2211) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.11.22 09:29
/KASE, 16.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 16 қарашасынан бастап Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A0JX0H6 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_05_2211; 250,0 млрд рубль; 30.11.16 – 16.11.22; құбылмалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,47 %; actual/365) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2020 жылдың 05 наурызынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық ашық болған жоқ. [2022-11-16]