/KASE, 15.11.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы
(Kazakhstan Engineering)" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2022 жылдың
31 қазанындағы шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына
мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады:
- шығарылды: А.З. Сәрсембаев – Директорлар кеңесінің төрағасы;
- сайланды: Е.Ж. Мырзабаев – Директорлар кеңесінің төрағасы.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) Директорлар кеңесі сегіз адамнан
тұрады: Е. Ж. Мырзабаев, Б. К. Тортаев, Е. С. Ахметов, К. Сатжанов,
С.А. Жакенов, А. М. Шукпутов, К. Б. Қожахметов, Т. К. Абдрахманов.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZEN/kzen_board_changes_311022_2386-%D0%98.pdf
[2022-11-15]