"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "BCC INVEST" АҚ 2022 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАРАША САҒАТ 14:00-ДЕ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК" АҚ IPO АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

14.11.22 13:35
/KASE, 14.11.22, 10.11.22 жаңалығын қайталау/ – "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ) жай акцияларына жазылу кезінде бірлескен букраннерлер болып табылатын "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өткізуді бастайды және Сізді Шымкент қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге қатысуға шақырады. Спикерлер: 1. Ереулиев Арман Мандибекұлы, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры; 2. Амирханова Нургуль Мұратқызы, SkyBridge Invest АҚ инвестициялық банкинг департаментінің бас менеджері; 3. Досмухаметов Арман, Freedom broker аймақтық директордың орынбасары. Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. Таныстырылым 2022 жылғы 14 қарашада сағат 14.00-16.00 аралығында Шымкент қаласында Rixos Khadisha қонақ ұйі, "Назарбаев" залы, Желтоқсан 17, мекенжайы бойынша презентация өтеді. Іс-шараға аккредиттеу сұрақтары бойынша (БАҚ өкілдері үшін) мында хабарласыңыз: Гульзия Асылбекова, тел: 8 707 307 11 82, e-mail: pr7@pressclub.kz цитатаның соңы [2022-11-14]