/ҚАЙТАЛАУ/ 14 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) және IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады.

14.11.22 10:00
/KASE, 14.11.22, 02.11.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14 қарашасынан бастап KASE-де жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды: - American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ); - IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы. IBM_KZ). Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 01 қарашасынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің тиянақталуына байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 31 қазанындағы "01 қарашасынан бастап KASE-де American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) және IBM corp.US4592001014 (IBM_KZ)" жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" атты KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/ru/news/show/1491037/ [2022-11-14]